Ислам революциясы жетекшісінің АҚШ-тың дұшпандығына қатысты көзқарасы АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық мәселесі келісімі туралы оғаш сөздері саяси орталардың назарын өзіне аударып, оның қандай мақсаттарды көздейтіндігіне қатысты сауал тудырды. Трамп Иран немесе «Ортақ қадам» келісімнің басқа тараптарына қарағанда көбірек басымдыққа қол жеткізу үшін сылтау іздеп отыр ма? Трамп Ақ үйге келгеннен кейін Иранға қарсы қоқан-лоққымен астасқан кеңістік тудырудың жаңа кезеңі басталды. Бұл кеңістік тудыруға Иранның зымырандық сынағы сылтау болды. АҚШ-тың үкіметтік басшылары кеңістік тудыруды біраз уақыт бұрын бастаған болатын, бірақ Трамп билікке келгеннен кейін «Ортақ қадам» келісіміне қарсылық қарқыны күшейе түсті. Алайда Трамптың ұстанымдары әуел бастан-ақ халықаралық деңгейдегі қатаң сын-пікірлермен бетпе-бет келді. Бұл қарсылықтар АҚШ-ты Иранның баллистикалық зымыранын сынауына қатысты алаңдаушылық сылтауына негізделген Иранға қарсы басқа кеңістік тудыру жолына түсуге итермелді. АҚШ мақсатты бір әрекетінде осы мәселені Қауіпсіздік кеңесінде көтеріп, Иран Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзды деген уәж айтып, осы мәселені халықаралық деңгейде көтеруге тырысты. АҚШ, Еуропа мен сионистік режиммен сыбайлас кейбір аймақтық елдердегі саяси және ақпараттық орталар осы мәселені қолдап, өз хабарлары мен сараптамаларының басты тақырыптарында Иранның қауіпті болуы мәселесіне баса назар аударды. Осы аяда біржақты пікірлер айтылып, Иранның баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуін Қауіпсіздік кеңесінің осы елге қатысты қарарына қайшы келетіндей етіп көрсетуге талпыныс жасалды. Иран зымыранын сынақтан өткізгеннен кейін Ақ үй «Иранға ескерту» деген сөздерді пайдаланды. Бұл сөз тіркесі АҚШ пен Ресей арасындағы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты қызметінен шеттетілген Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн тарапынан айтылғаннан кейін америкалық басшылар мен Иран арасында дау-жанжал басталды. «Иранға ескерту» деген сөз тіркесіне кейбір саяси орталар «АҚШ-тың Иранға тікелей қоқан-лоққы көрсету үшін жағдай тудыруы» деген анықтама берді. Еуропада НАТО-ның жоғарғы дәрежелі басшыларының бірі ретінде қызмет еткен АҚШ Қарулы күштерінің зейнеткер адмиралы Джеймс Ставридис бұл сөз тіркесін «үкіметтің өзіне ыңғайлы уақыт пен мекенде әрекет етуді көздеуі» деп түсіндіріп: «Сол түсінік бойынша, бұл – бір қызыл нүктенің қарама-қарсы нүктесі. «Иранға ескерту жасау» деген Трамп үкіметінің тілімен айтылғанда «Біз сіздерді мұқият қадағалап отырмыз... Көріп отырғанымызға аса разы емеспіз... Алдын ала болжамдарға сай әрекет етуді қаламаймыз. Егер қажет болса, шара қолданамыз» деген сөз. Мен жоғарыдағы сөз тіркесін осылай түсінемін. Алайда үкімет бізге бір айқынырақ түсіндірме беруі керек деп ойлаймын» деді. Кейбір сарапшылар бұл мәселені «Ортақ қадам» келісімінен тыс басқа тұрғыдан талқылап, бұл ағымды Трамптың қызметі басталғаннан кейінгі жаңа авантюраның шеңберінде бағалап, Иран мен АҚШ бір жаңа текетірес алаңына аяқ басып, бір-бірінің реакцияларын байқап отыр деген болжам ұсынды. Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында Иранға қатысты барлық варианттардың күн тәртібінде тұрғаны туралы сөздер айтуымен қатар, Иранға Барак Обаманың тактикаларын жалғастырудың орнына қатаң шаралар қолданатынын айтып, қоқан-лоққы көрсетті. U.S.News осы жайлы бір сараптамасында былай деп жазды: «Трамптың сөздеріндегі белгісіздік Иранға қарсы әскери бұйрық берілген жағдайда Ақ үй үшін лайықты бір сылтау болады. Яғни олар «біз сіздерге бұрынырақ ескерттік» деп айта алады. Бұл қақтығыстар Парсы шығанағында Иранның кемелері мен қайықтарының америкалық кемелер және қайықтармен соқтығысуының салдарынан басталуы мүмкін. Трамп үкіметі АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың Иранның іс-әрекеттерін шектеумен бір мезгілде бұл елмен ядролық және тағы басқа мәселелерде әріптесуге бағытталған стратегиясының табысты болмағанын айтып отыр. Трамп осы көзқарасына негіздеп, Иранның Обамаға алғыс айтуы керек екенін жазды». Бұл сөздер Ислам революциясы жетекшісінің қатаң реакциясын тудырды. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иран Қарулы әуе күштерінің басшылары және қызметкерлерімен кездесуінде АҚШ-тың жаңа президентінің Иранның Обама үкіметіне алғыс айтуы қажеттігі туралы сөздеріне сілтеме жасап: «Еш жағдайда ол үкіметке алғыс айтпаймыз. Себебі, Америка Иран халқы мен исламдық жүйені әлсірету мақсатында санкциялар салды. Алайда, бұл мақсатына жете алмады. Ешбір дұшпан бұл ұлы халықты тізе бүктіре алмайды. АҚШ-тың бұрынғы үкіметіне не үшін алғыс айтамыз? Иранға қарсы санкциялары үшін бе? Әлде ДАИШ-ті құрғаны үшін бе? Сирия мен Иракта соғыс отын тұтатқаны үшін бе? Немесе жеке хатта әріптесу үшін ниет білдіре отырып, 88 жылғы сайлаулардан кейінгі бүлікті ашық түрде қолдаудағы екіжүзділігі үшін бе?» деді. Хазірет бұл жайттардың АҚШ-тың бұрынғы үкіметінің темір жұдырықтың үстіне барқыт қолғап киіп алғанын дәлелдейтінін еске салды. Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ-тың жаңа президентінің ирандықтардың өзінен қорқуы керек екені туралы сөздеріне сілтеме жасап: «Ирандықтар қоқан-лоққыдан қорықпайды. Дегенмен, біз қызметке жаңа келген мырзаға алғыс айтамыз. Себебі біздің жұмысымызды азайтып, АҚШ-тың шынайы бейнесін көрсетіп, АҚШ-ты билеп отырған аппараттың саяси, экономикалық, ахлақи және қоғамдық ауытқушылықтары туралы ИИР-ның 38 жыл бойы айтып келе жатқан сөздерін растады. Жаңа президент сайлауалды бәскелестік кезіндегі және соңғы күндердгі өз сөздері және іс-әрекеттерімен АҚШ-тың шынайы болмысының бетін ашып, әлемдіктерге АҚШ-тың шындықтарын көрсетті» деді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама да бірнеше рет Иранмен күресте барлық варианттардың үстел үстінде тұрғаны туралы сөз қозғаған. Барак Обама өзгеріс ұранымен Ақ үйге келгенімен, іс-жүзінде сол бұрынғы саясаттарды жалғастырды. Трамп та осы сөздерді қайталау арқылы өткенге қатысты реалистік көзқарастан мақұрым екендігін көрсетті. Иран бүгінгі күні Обаманың өзгеше қатынасы үшін алғыс айтатындай, ол өзгерістер туралы ұран тастап жатқан кезде бұл сөздерді естігеннен аса қуана қоймады. Обама Иранды қолдамауымен қатар, керісінше оған қысымды арттыра түсті. Ол тіпті Ақ үйдегі қызметінің соңғы күндері де санкцияларды ұзартып, Иранға қатысты төтенше жағдайды ұзарту заңына қол қою арқылы Трампқа Иранмен жауласу үшін жол ашып берді. Шын мәнінде, Обама кезеңдерінде АҚШ-тың саясаттары мен Трамптың айтып отырғандары арасында ешқандай айырмашылық жоқ.Ақ үй Иранмен жауласудан басқа ешқандай жұмыс жасамады. Билік басында болған екі биліктің әрқайсысы іс-әрекеттерін осы дұшпандық негізінде реттеп келді. Иранның Сыртқы істер министрі Зариф: ««Ортақ қадам» келісімі – Иранның қалауы, бірақ бұл Иранның басқа варианттары жоқ деген сөз емес» деп бірнеше рет айтты. Бұл ұстанымдар сөз жүзіндегі кезеңнен өтіп, АҚШ-тың сыртқы саясатында бір вариант ретінде қарастырылып жатқандықтан, халықараық қағидаларға сүйене отырып, Қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім қабылдауға қатысты міндеттемелер шеңберінде оған қатысты шара қолдану қажет. Дегенмен сөз бен әрекет арасындағы қашықтық Трамп өзінің сыртқы саясатын анықтағаннан кейін ғана парасаттылық пен қисын негізінде анықталады. Кез келген жағдайда бұл әрекеттер Ислам революциясы жетекшісінің әрдайым өзінің түрлі баяндамаларында АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері мен мақсаттарын түсіндіруде еске салып, айтып отырған шындықтарды көрсетеді. Бұл шындық – АҚШ-тың Иран халқына өз талаптарын таңу үшін мүмкіндік іздеуінде. Ислам революциясы жетекшісі өткен жылы маусым айының он төрті күні жүйе басшыларын қабылдауында Трамп АҚШ сайлауында жеңіске жетпес бұрын тараптардың теріс мақсаттарда пайдалануы мүмкін «Ортақ қадам» бағдарламасының белгісіз тұстарына тоқталып, Ислам республикасы бірінші болып «Ортақ қадам» келісімін бұзбайтынын, себебі өз міндетіне деген беріктіктің Құранның бұйрығы екенін қуаттап, бірақ, егер АҚШ президенттік сайлауындағы үміткердің «Ортақ қадам» келісімін жырту туралы қоқан-лоққысы жүзеге асырылса, Ислам республикасы бұл келісіміді өртеп жіберетінін, себебі бұл да Құранның қарсы тараптың міндеттерін бұзуына қатысты тапсырмасы екенін айтты. Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ-тың Иранға қарсы ашық дұшпандығын әдеттегі келіспеушіліктер шеңберінен шығып кеткенін айтып: «Қазіргі кездегі америкалықтардың болмысы Рейган дәуіріндегі америкалықтардың болмысымен бірдей. Демократтар мен респуббликашылдар арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққы осы сөздерді айтып отырған адамның хабарсыздығын ғана көрсетеді» деді. http://parstoday.com/kk

Теги других блогов: Иран Ислам революциясы АҚШ