Анкарадағы Голландия елшілігінің сенімді өкілі Түркия СІМ- не шақырылды Түркия Анкарадағы Голландия елшілігінің сенімді өкілін Роттердам полициясының сол елдегі түрік азаматтарына қарсы шараларына наразылық білдіру мақсатында СІМ-не шақырды. «Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сенбіден осы уақытқа дейін Анкарадағы Голландия елшілігінің сенімді өкілі Фидо Хосинга осымен үшінші рет Түркия СІМ-не шақырылып отыр. Голландия полициясы жексенбі күні су шашатын көліктермен Роттердам қаласындағы түрік наразыларды таратты. Наразылар полицияға қарай тас атты. Сондай-ақ голландиялық қайраткерлер Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу отырған ұшақтың осы елге қонуына бөгет жасаған соң Голландияның кешірім сұруын пайдасыз деп атап: "Түркия осы тақырыпқа реакция көрсетеді" деді. Бұдан бұрын да Голландия үкіметінің Түркияның Сыртқы істер және Отбасы министрлеріне қатынас көрсету тәсіліне наразылар Ыстамбұлдағы Голландия консулдығының алдына жиналып, осы елдің туын түсіріп, орнына Түркияның туын ілді. Голландияның шамамен 1000 түрік азаматы да Голландияның әрекетіне наразылық білдіру мақсатында Роттердамдағы Түркия консулдығының алдына жиналды. http://parstoday.com/kk