Сирия үкіметінің келісімгер тобы Астанаға аттанды
Сирия үкіметінің келісімгер тобы Астана келіссөздерінің жаңа кезеңіне қатысу үшін Қазақстанға аттанды.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның дүйсенбі күнuі хабарлауынша, сириzлық қарсыластардың әскери делегациясының Астана келіссөздерінің жаңа кезеңін кейінге қалдыруды қайта-қайта сұрауына қарамастан, Сирия үкіметінің келісімгер тобы Сирияның БҰҰ- дағы өкілі Башар әл-Жафаридің жетекшілігімен осы келіссөздерге қатысу үшін Астанаға аттанды.
Сириялық қарсыластардың әскери делегациясы Астана келіссөздерінің үшінші кезеңіне қатысу үшін шақырухат алғанымен, өздерінің қатысуы үшін шарт қойып отыр.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресей, Түркия және Иранның Астана келіссөздерінің үшінші кезеңіне қатысатындығына сілтеме жасап, келіссөздердің белгіленген уақытында, яғни наурыздың 14-15 күндері өтетінін мәлімдеді.
Сирия бейбітшілік келіссөздерінің бірінші кезеңі Астанада 23-24 қаңтарда, екінші кезеңі 15- 16 ақпанда өтті.
Осы отырыстардың нәтижесінде Сирияда салыстырмалы түрде ымыра орнатылды.
http://parstoday.com/kk