Иран - аймақтағы ең қауіпсіз мемлекет
Ислам революциясы Cақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары "Көршілес мемлекеттерде соғыс жүріп жатқанына қарамастан, Иран аймақтағы ең қауіпсіз ел" деп қуаттады.
Ислам революциясы Cақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы сардар Хосейн Салами дүйсенбі күні Заһеданда Иранның оңтүстік-шығысы жамағат имамдарының 24-ші форумында баяндама жасап: "Бүгінде ешкім исламдық Иранмен қарсыласа алмайды, өйткені ислам республикасы жүйесінің күшейгені соншалықты, тіпті алпауыт мемлекеттер жиналып, шабуыл жасаса да, дұшпандарды жеңіліске ұшырататындай жағдайда.
АҚШ, Ұлыбритания, сионистік режим және олардың аймақтық одақтастарының ислам әлемі үшін жоспары күйретуші әрі қауіпті жоспар болып табылады. Дұшпандардың ислам әлемі үшін құрған жоспары мұсылмандарды артта қалдыру, кедейшілік пен бұзақылықты тарату және оларды ойы мен мәдениеті жағынан мешеу қалдыру болып табылады" деді.
Бригада генералы Салами сондай-ақ Иран ислам революциясының шиіт пен сүннит деп бөлмейтінін қуаттап: "Ислам революциясы ұзақ жылдардан бері Палестинаның сүннит мұсылмандары мен Сирия және өзге исламдық үкіметтерге көмек көрсетіп келеді, өйткені мұсылмандардың барлығы біртұтас үмбет болып табылады" деді.
http://parstoday.com/kk