Рохинья мұсылмандарының жағдайы (3)
"Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы" атты бағдарламаның алдыңғы екі бөлімінде қазіргі Мьянмадағы Ракхайн немесе Аракан штатын мекендеген рохинья мұсылмандарының тарихын баяндаған болатынбыз. Бүгінгі үшінші бөлімін Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының өлтірілуіне қатысты аймақтық және халықаралық саяси топтардың реакцияларына арнаймыз.
Әсірешіл буддалықтардың рохинья мұсылмандарын өлтіруіне байланысты буддалықтардың рухани жетекшісі Далай Лама үнсіздік танытқан немесе жай ғана өкініш білдірген жағдайда халықаралық саяси топтар бұл қылмысқа қатаң реакция білдіріп, Мьянма әскері мен әсірешіл буддалықтардың рохинья мұсылмандарын қыруды доғаруын талап етті.
ИИР Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына қарсы жасалған қылмысты айыптап, оны доғаруды талап еткен алғашқы елдердің бірі болды. ИИР СІМ БҰҰ-ның жаңадан сайланған бас хатшысы Антонио Гуттеришке жолдаған хатындағы рохинья мұсылмандарының босқындар лагеріндегі ауыр жағдайының жалғасуына байланысты жуырда білдірген реакциясында Мьянма үкіметімен белсенді түрде қатынас жасап, рохинья мұсылмандарының жағдайына байланысты халықаралық алаңдаушылықтарды доғару үшін негізгі қадамдар жасауды сұрады.
Оңтүстік шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) елдері Мьянмадағы Ракхайн штатындағы рохинья мұсылмандарын өлтіруді доғаруды сұраған. Малайзия бірқатар халықаралық отырыс, соның ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымы өкілдерімен бірлескен отырыс өткізіп, осы мәселеге байланысты Мьянма үкіметіне қарсы берік ұстаным көрсетті. АСЕАН ассоциациясының жарғысына сәйкес, бұл ұйымға мүше елдердің бір-бірінің ішкі істеріне араласуына тыйым салынған. Бірақ, Малайзия үкіметінің айтуынша, жүз мыңдаған рохинья мұсылмандарының көрші елдерде босқындыққа ұшырауы мен оның салдары енді Мьянманың ішкі мәселесі емес, аймақтық немесе халықаралық мәселе болып табылады.
Түрлі Азия елдерімен қатар, БҰҰ да Мьянмадағы рохинья мұсыламандарының өлтірілуіне байланысты реакция білдірді. Бұл ұйым рохинья мұсылмандарын әлемнің ең қатты қаналған азшылығы деп атап, оларға қарсы зорлық-зомбылық көрсетудің доғарылуын талап етті. БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун Мьянмаға үш рет қатарынан сапармен барып, бұл елдің үкіметінен адам құқықтарын сақтауды сұрады. Жуырда БҰҰ-ның арнайы өкілі Мьянма мен Бангладешке сапар шегіп, Ракхайн штатындағы рохинья мұсылмандарының қиындықтары мен босқындар лагеріндегі жағдаймен жақыннан танысып, көріп қайтқан болатын. Осы сапарына қатысты жариялаған есебінде мьянмалық әскерилерді рохинья мұсылмандарына қарсы бағытталған жабайылығы үшін айыптады. Бұл есепте, сондай-ақ, рохинья мұсылмандарымен сұхбаттасқан соң Мьянма әскерилерінің рохинья мұсылмандарының өліміне тікелей қатысы бар екенін баса айтты.
Humans Rights Watch ұйымы да осы мәселе тұрғысындағы баянамасында Мьянма қауіпсіздік күштерінің рохинья мұсылмандарын өлтіргенін, әйелдерді зорлап, олардың үйлерін өртегенін және бұл ел үкіметінің адамзат баласына қарсы қылмыс жасағанын айыптады. Халықаралық Кешірім ұйымы да өз кезегінде Мьянма әскерилерінің рохинья мұсылмандарын жаппай қыруына сілтеме жасап: "Бұл елдің үкіметі мұсылмандарға қарсы қырғын әрекеттерден толығымен хабардар" деп баса айтты.
АҚШ пен еуропалық елдердің күтуіне қарамастан, Еуропалық комитет рохинья мұсылмандарын жаппай қыруға қатысты тек өкініш білдіріп, Бангладеште босқын болып жүрген рохинья мұсылмандарына 300 мың доллар көлемінде көмек берді. Бұл әрекет Мьянма үкіметі мен әскерилерінің рохинья мұсылмандарына бұрынғыдан бетер қатты қысым көрсетуіне түрткі болды.
Лондондағы Mona көмек көрсету ұйымының негізін қалаушы әрі басшысы Риад Карим: "Мьянма үкіметінің рохинья мұсылмандарына қарсы 11 тармақтан тұратын жоспары Ракхайн штатында "этникалық тазартуды" іске асыру мақсатындағы айқын орта мерзімді бағдарламасы саналады. Бұл мәселеге қатысты үнсіздік таныту қылмыскерлермен сыбайлас болу мен адам құқықтарына қарсы әрекеттерді қуаттау болып табылады. Мьянмада орын алып отырған жағдай діндер мен этникалық топтар арасындағы қақтығыс емес, осы мемлекеттің үкіметі мен әскери қолдауы арқылы этникалық тазартудың бір түрі болып келеді",- деді.
Малайзиядағы исламдық ұйымдар одағының мүшесі Мұхаммад Азми бүгінгі күнге дейін Мьянмада 52 мың рохинья мұсылмандарының қаза болғанын мәлімдеп: "Рохинья мұсылмандары Ракхайн штатында қоршауға алынған, ал Мьянма әскері болса оларды жаппай қырып-жоюда",- деп баса айтты.
Ахмад ат-Таиб шейх әл-Азһар да Мьянмадағы рохинья мұсылмандарын өлтіруге қатысты реакциясында мұны өшпенділік пен жеккөрушілік деп атап, бұл қылмысты доғаруды баса айтып, елде халықтың діні, нәсілі мен ұлтына қарамастан, азаматтық құқықтар мен теңдік негіздерін сақтауды сұрады. Бұл кісінің айтуынша, исламдық, христиандық және буддалық діндер Мьянмадағы мұсылмандарды өлтіруге шақырмайды. Ал дін мен нәсіл атын жамылып, басқа адамдарды өлтіру илаһи пайғамбарлардың жолдауына қайшы, әрі халықтың бір бөлігінің босқындыққа ұшырауы секілді теріс салдарға әкеп соқтырады.
Рохинья мұсылмандарын өлтіруге қатысты аймақтық және халықаралық сындардың тізгіні рохинья мұсылмандарын өлтіруге байланысты үнсіздік танытқан Мьянмадағы Демократия жолындағы ұлттық лига партиясының басшысы Аун Сан Су Чжидің қолында. Нобель сылығының иегерлері Су Чжиге жіберген хатта оның рохинья мұсылмандарына қарсы жасалған қанды қылмыстарды доғартудағы қауқарсыздығын айыптады.
Айта кететін жайт, Мьянманың мемлекеттік баспасөз өкілдері де бір дауыстан әскерилер мен әсірешіл буддалықтармен бірігіп, мұсылмандарға қарсы қылмыстарын ақтау үшін оларға қарсы сөз қозғап отыр. Бұл басылымдар рохинья мұсылмандарына қатысты "қаралар", "араб" немесе "бангладештік" деген сөздерді пайдаланады.
Мьянмадағы Рохинья мұсылмандары арасында үнемі олардың құқықтарын қорғап жүрген маңызды тұлғалар бар. Мысалы, Рохинья ұлттық ұйымның төрағасы Нұр әл-Ислам осындай кісілердің бірі саналады. Бұл кісі Мьянма үкіметінің қысымына байланысты бұл елден кетуге мәжбүр болған. Сонымен қатар, Рохинья исламдық ынтымақтастық ұйымының төрағасы шейх Салималла Хосейн Абдурахман да Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының құқықтарын қорғаушы тұлғалардың қатарына жатады. Бұл кісі де Мьянма үкіметі тарапынан қатты қысым көріп отыр. Одан басқа, Мьянма Исламдық кеңесінің төрағасы қажы Юай Луин мен Рохинья үлемдері бірлестігінің басшысы шейх Зейналабедин Юсеф Ахмад – осы салада белсенділік танытып жүрген тұлғаларға жатады. Алайда, Мьянма үкіметі мен әскерилерінің қысымдарына байланысты, олардың үні еш жерден естілмей, басылып отыр.
Қорғаушы тұлғалармен қатар, мемлекеттік емес ұйым ретінде жұмыс жасайтын рохинья мұсылмандарына қолдау көрсетуші исламдық ұйымдар мен қоғамдар бар. Алайда, бұл елдің әскерилерінің қысымдарына байланысты, олар да еш нәтижеге қол жеткізбеді. Олардың ішінде, "Рохинья ынтымақтастық ұйымы", "Янгонның жас мұсылмандар қозғалысы", "Рохинья үлемдерінің қауымдастығы", "Мьянма мұсылмандарының халқы" және "Исламдық істер кеңесі" бар.
Бұл ұйымдар Мьянмадағы мұсылмандарды, әсіресе рохинья мұсылмандарына қолдау көрсету, бостандық құқығы мен исламдық болмыстарын қорғау мақсатында құрылған. Мьянмадағы осы мекемелер мен институттар исламдық медреселерде Құранды оқып-үйрету курстарын ұйымдастыру арқылы білім беру саласында қызмет атқарып отыр. Сондықтан, Мьянмадағы исламдық ұйымдар рохинья мұсылмандарының құқықтарын қорғауда көптеген маңызды кедергілерге тап болып отыр. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – әсірешіл буддалықтар мен әскерилер тарапынан жасалып отырған қысым.
http://parstoday.com/kk