Мьянмада мұсылмандардың қырғыны жалғасуда Адам құқығын бақылау ұйымы Мьянма үкімет басшылары мен әскерін рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыс жасағаны үшін айыптады. Адам құқығын бақылау ұйымы Мьянманың үкімет және әскери басшыларының елдегі рохинья мұсылмандарын қырып, адамзатқа қарсы қылмыс жасағандары үшін айыпталғаны туралы хабарлап: «Рохинья мұсылмандары жандарын сақтау үшін отандарынан қашуда»,- деп мәлімдеді. Бангладеш басшыларының санақтары бойынша, өткен жылдың қазан айынан бері бұл елде Мьянманың 70000 мұсылманы пана тапқан. Бұл мәлімдеме Батыстың кейбір ақпарат құралдары Мьянма әскерінің қатыгездіктері артып, қырып-жоюлары мен жыныстық шабуылдары күшеюіне байланысты Мьянма үкіметі мен әскерін рохинья мұсылмандарына қарсы геноциді мен адам құқықтарын бұзуымен айыптаған жағдайда жарияланды. Мьянманың Ракхайн мұсылмандарын қырып жоюы бұл елдің үкіметі осыдан біраз уақыт бұрын бұл жерде әскери әрекеттердің аяқталуы туралы уәж айтқан жағдайда жалғасуда. Мьянма әскерінің Ракхайн мұсылмандарына қарсы әрекеттері өткен жылдың қазан айында қарулы адамдардың шабуылын сылтауратып басталған болатын. Мьянма әскерінің қатыгез әрекеттері басталғаннан бері әскерилердің Ракхайндағы шабуылдары мен жыныстық қорлықтары, үйлерді өртеп, мұсылмандарды қыруы артты. Бұл мәлімдеме әлемнің әртүрлі елдеріндегі қоғамдық пікірдің Мьянмадағы нәсілшілдікке реакция білдіруіне себеп болды. Мьянма әскерінің қырып-жоюлшылығы мен шабуылдарының жалғасуы алдамшы саясат пен әлемдік қоғамның тұрақсыз екендігін және мұсылмандарға қарсы қылмыстардың әшкере түрде жалғасуын көрсетеді. Мьянма үкіметі Ракхайндегі мұсылмандарға қарсы нәсілшілдігін жасырып, шындыққа сай мәліметтерді жарияламауға тырысады. Жарияланған мәліметтер Мьянмадан Бангладешке қашқан адамдардың ақпарат құралдарына берген мәліметтері болып табылады. Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы қатыгездіктер мен оларды қырып-жою әлемнің әртүрлі аймақтарындағы халықтардың наразылықтарына себеп болғанымен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өзінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғау міндетіне қайшы Мьянма әскерінің Ракхайн мұсылмандарына қарсы қылмыстарына реакция білдірмеді. Әлемнің қоғамдық пікірі Қауіпсіздік кеңесі өзінің рөлі мен заңды құқықтарына сай Мьянма үкіметінің мұсылмандарға қарсы қатыгездіктерін толық тоқтатуға мәжбүрлейтін шара қолданып, Халықаралық сот сынды құқықтық және сот органдары бұл елдегі адамзатқа қарсы қылмысты іске асырушыларды жауапқа тартады деп үміттенеді. http://parstoday.com/kk