Астанада Сирия келіссөздерінің үшінші кезеңі басталды Сирия бейбітшілік келіссөздерінің үшінші кезеңі Қазақстанның елордасы Астанада сириялық қарулы қарсылас топтардың қатысуынсыз басталды. Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар әл-Жафари қарсылас топтардың осы отырысқа бойкот жариялау шешімін айыптап, олардың қатысуынсыз да ілгерілеушіліктер бола алады деп қуаттап: «Біз қарулы топтар қатысса да, қатыспаса да Астана келіссөздерінің табысты өтуін қамтамасыз етуге дайынбыз. Қатысушылар бұл жолы да қарсыластарды лаңкестерден ажырату туралы сұхбаттасады» деді. БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистура да Астана келіссөздерінде лаңкестікке қарсы күрес және тұтқындар мен қолды болған кісілермен алмасу туралы сұхбаттасуды күтетіндіктерін айтты. Астанадағы бұрынғы келіссөздерде Сириядағы әлсіз ымыраны күшейтуге ден қойылды. Желтоқсан айында Сирия үкіметі мен сириялық қарулы қарсылас топтар арасында ымыра орнатылды. Иран, Ресей және Түркия осы келіссөздерді қадағалап отыр. http://parstoday.com/kk

Теги других блогов: Сирия Астана келіссөздер