Шейх Иса Ғасемның сот ісі кейінге қалды
Бахрейндік рухани қайраткер шейх Иса Ғасемның сот отырысы басталғаннан кейін көп уақыт өтпей жатып, сот үдерісінің жалғасы 7-ші мамырға шегерілді.қалды.
Халық шейх Иса Ғасемды қолдап, шеруге шыққан соң Халифе әулеті режимі сейсенбі күні өтуі тиіс болған сот отырысын мамыр айының 7-не ауыстырды. Бахрейн режимі 2016 жылы маусым айында танымал шиіт рухани қайраткер шейх Иса Ғасемның азаматтығының күшін жойды. Бұл іс Бахрейн және әлем шиіттері арасында қатаң реакцияға тап болды. Бахрейн халқы соңғы айларда шерулер мен жиналыстар өткізіп, шейх Иса Ғасемге қатысты үкімнің күшін жоюды сұрауда.
Бахрейнде 2011 жылдың ақпан айынан бері Халифе әулеті режиміне қарсы бейбіт наразылықтар орын алуда. Бахрейн халқы осы елде саяси реформалар өткізіліп, азаттық, әділет орнату, кемсітушілікті жою және қалаулы жүйенің билік басына келуін талап етіп келеді. Алайда Халифе әулеті режимі олардың наразылығына әрдайым басып-жаншумен жауап беруде.
http://parstoday.com/kk