Халабчедегі химиялық шабуылдың жылдығы: қылмысты еске салу Ирактың Иранға қарсы соғысының соңғы жылдарында адамзатқа қарсы апат орын алды. Бұл апатты кейбір жазушылар мен сарапшылар «геноцид», «адамзатқа қарсы қылмыс» және «Хиросима апатын қайталау» деп атады. Бұл терминдер Халабчедегі химиялық шабуылдың қатерін көрсету үшін қолданылды. Сол жаппай қырғынды Саддамның бұйрығымен «Әли Инфал» және «Әли Шимиаи» деген лақап аттарға ие болған Әли Хасан әл-Маджид іске асырды. Алайда, қылмысты кімнің жасағаны маңызды емес. «Бұл қылмыс неге іске асырылды және бұл жан түршіктірерлік қылмыстың артында кімдер тұрды?» сондай-ақ, «Ирактың Иранға қарсы соғысы аяқталғаннан 10 жыл өткен соң БҰҰ тарапынан кінәлі және соғысты бастаушы деп таныстырылған Саддам ғана сол және басқа да соғыс апаттары мен қылмыстарға себепкер болды ма?» деген сұрақтар маңызды. Ирактың Күрдістан аймағының Халабче қаласындағы химиялық шабуыл 1988-ші жылдың наурыз айының 16 күні орын алды. Ирак армиясы 48 сағаттың ішінде Саддамның бұйрығы және Әли Шимиаидің қолбасшылығымен ондаған қырғи ұшақ және 100-ге жуық ауыр артиллерия, шамамен 500 химиялық бомба мен зымыранды және 1500 химиялық оқты Халабче мен күрдтер өмір сүретін басқа ауылдардың жазықсыз халқының үстіне жаудырды. Бұл бомбалар мен газдардың құрамында цианды сутек, тұншығуға себеп болатын фосген және жүйкеге әсерін тигізетін зарин элементі, сондай-ақ күкірт және қыша сынды қатерлі газдар болды. Бельгияның Фландриядағы Гент қаласындағы университет ауруханасының токсикология зертханасының директоры, профессор Хендрикс бұл туралы: «Бұл қатерлі құрамдар қысқа уақыт аралығында пайдаланылды»,- деп мәлімдеді. «Нью-Йорк таймс» басылымы өз мақаласында: «Бұл әрекет әр тұрғыдан соғыс қылмысы болып саналады. Соғыс қылмысы кезінде жаппай қырып-жоятын қару қолданылды»,- деп мойындады. Халабчедегі химиялық шабуыл салдарынан шамамен 5000 әйел мен ер және бала құрбан болып, 12000 адам жарақат алды. Кейін жарияланған құжат Германия, Голландия, Франция, Бельгия, Ресей және АҚШ-тың ондаған компанияларының Иракқа химиялық құрамдар жібергенін, шын мәнінде олардың Саддамның химиялық қылмыстарына ортақ болғанын көрсетті. Халықаралық тұрғыдан Халабчедегі химиялық шабуыл 1925-ші жылдың химиялық қаруларды пайдалануды айыптайтын 17-ші протоколын, 1899, 1907-ші жылдардағы бейбітшілік конференциясының құжатын, 1964-ші жылғы Нюрнберг соты жарғысының алтыншы бабын, 1922-ші жылдың Вашингтон келісімінің 5-ші бабын, 1948-ші жылдың адам құқығы әлемдік жарғысының 3-ші бабын, 1929-шы жылғы химиялық қаруды пайдалануға тыйым салатын протоколын мен 1949-шы жылғы Женеваның 4-ші конвенциясын әшкере түрде бұзу болды. Сондықтан бұл шабуыл соғыс қылмысынан жоғары саналып, адамдарды жаппай қыру мақсатын көздеген адамзатқа қарсы қылмыстың анық үлгісі болып табылады. Халабче қылмыстарының бастамасы Иранның Сардашт қаласын химиялық бомбалау болды. 1988-ші жылдың маусым айының 24 күнгі Сардаштқа жасалған химиялық шабуылдың салдарынан қаланың жүзден астам бейбіт тұрғыны қаза болып, басқа 800 мың адам улы газдан уланды. Бұл қылмыс әлем бойынша әскери емес қарапайым халық өмір сүретін қалаға қарсы жасалған бірінші химиялық бомбалау болды. Бірақ әлемдік қауымдастықтың үнсіздігі мен БҰҰ-ның бұл қылмысты айыптау қарарларына батыстықтардың вето қолдануы Саддамның жаппай қырып-жоятын қаруларды пайдалануды жалғастыруына себеп болды. Саддамның қылмыскер режимі Иранға қарсы соғыс кезінде химиялық қаруларды көп қолданды. Ирактың бірінші химиялық шабуылы 1981-ші жылдың қаңтар айында тіркелді. Сол күннен бастап, соғыстың соңына дейін ирактық күштер 3500 рет химиялық шабуыл жасап, жүз мыңнан астам ирандықты шекаралық қалалар мен аймақтарда және соғыс майдандарында қазаға ұшыратып, уландырды. Сардашт пен Халабчедегі химиялық шабуылдардың апаттары шын мәнінде соғыс қылмыстарының қайталануы болды. Жылдар өткен соң бұл қылмысқа қатысты құпия құжаттардың жарық көруі 207 еуропалық компанияның, соның ішінде Голландия, Германия және Франция копанияларының Саддамның БААС режиміне жаппай қырып-жоятын қару сатқанын әшкереледі. Жак Ширак, Франсуа Митрон және сол кездегі Францияның барлау ұйымы басшысының Иракқа химиялық қару сатуға қатысы болды. Францияның «Томсон CSF», «Алкател», «Матра», «Петробрас» сынды қару компаниялары құны миллардтаған долларды құрайтын химиялық құрамдар мен соғыс жабықтарын Иракқа жіберген. Осы күні Британия, Канада және АҚШ сынды мемлекеттер тыйым салынған фосфорлық бомбалар немесе уранмен байытылған оқтарды Сауд Арабиясының қылмыскер режиміне жіберіп, бұл режим соларды Йеменнің халқын қырып-жоюға қолдануда. Бұл қылмыстың жасырын қырлары мен артында тұрған елдер туралы мәлметтердің неше жылдан кейін әшкереленетіндігі белгісіз. Саддам таңылған соғыстың жалынын Иранның шекара қалалары мен аймақтарында лаулатып, Ирактың Күрдістан аймағын химиялық бомбалаудың нысанына алып, қыша газ, жүйкеге әсер ететін, тұншықтыратын және цианид газдарын пайдаланып, мыңдаған адамды қырды. Сөйтіп соғыста жеңіп шықпақ болды. ИИР Халабче оқиғасынан бұрын БҰҰ Бас хатшысына бірнеше хат жазып, Саддам режимінің химиялық қаруларды пайдаланғаны туралы хабарлап, мәселені зерттеу үшін БҰҰ-ның мамандарын жіберуді сұрады. Бірақ БҰҰ-ның Бас хатшысы кешіктіріп, тек 1988-ші жылдың наурыз айының 25-інде ғана мамандар тобын Иран мен аймаққа аттандырды. Бұл топ екі елде, яғни Ирак пен Иранда химиялық қарудың қолданылғанын анықтаған нәтижелерін 1988-ші жылдың сәуір айының 25 күні БҰҰ-ның Бас хатшысына тапсырды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі кешігіп, 1988-ші жылдың мамыр айының 9 күні 612-ші қарарды шығарып, бірінші рет химиялық қарудың қолданылуын айыптағанымен, Иракты химиялық қаруды қолданушы деп атамады. Негізінде Саддам режиміне көрсетілген барлық әшкере және жасырын қолдаулар бұл режимді адамзатқа қарсы қылмыстарын жалғастыруға жігерлендірді. Химиялық қаруды қолдану 1925-ші жылғы осындай қаруды пайдалануға тыйым салатын Женева протоколына қайшы болғанымен, БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесі Ирактың Иранға қарсы химиялық қаруды пайдаланғанын көпке дейін айыптамады. Халықаралық қоғамның үнсіздік танытып, ешбір шара қолданбауы кемтар немесе емге көнбейтін науқас сәбилердің дүниеге келуіне себеп болды. Мұндай екіжүзділіктер жалғасып отырған кезде әлемде тыныштық орнатылмайды, Халабченің химиялық шабуылы ұмытылмайды. Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбаларының тасталуы АҚШ-тың адамзатқа қарсы қылмысы ретінде әлі ұмытылған жоқ, келешекте де ұмытылмайды. Ирандағы апат «геноцид», «адамзатқа қарсы қылмыс», және «Хиросима апатын қайталау» деп есте қалды. http://parstoday.com/kk

Теги других блогов: Ирак қылмыс химиялық шабуыл