Американың Сенатында Иран мен Ресейге қарсы қарар қабылданды Америкалық төрт сенатор осы елдің Сириядағы әскери құзырын күшейту мақсатындағы әскери талпыныстарымен бір мезгілде Иран мен Ресейге қарсы қарар қабылдады. Америка Сенатының Қарулы күштер комитетінің басшысы Джон Маккейн мәлімдеме жариялап, Тим Кэйн, Марко Рубио және Крис Мерфпен бірге қарарды таныстырғандарын айтты. Маккейнің мәлімдемесінде бұл қарардың Иран мен Ресейдің Сирия президенті Башар Асадқа саяси және әскери тұрғылардан қолдау көрсетуін айыптайтынын, азаматтары мен жәрдемдесушілерді қорғауды сұрайтындықтары айтылған. Америкалық сенаторлардың қарарында сонымен қатар Иран мен Ресейден қысқа уақытта Сириядағы амалдарды тоқтатып, соғыстан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек керуендерінің енуіне рұқсат беру сұралды. Бұл қарар Америка үкіметі Сириядағы әскери құзырын нығайту шараларын лаңкестер мен бүлікшілерге қолдау көрсетуді арттыру мақсатында әзірлеген жағдайда қабылданып отыр. http://parstoday.com/kk

Теги других блогов: Сирия Иран Америка Ресей Сенат