Стратегиялық қарым-қатынастардың рөлін анықтау - Иран мен Ресейдің ортақ мақсаты Иранның Коммуникация және ақпараттық технологиялар министрі Махмуд Ваези Мәскеуде Ресей қайраткерлерімен ИИР-ның Президенті Хасан Руханидің Мәскеу сапарының қарсаңында екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту туралы пікір алмасты. Ваези дүйсенбі күні Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак және Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Николай Никифоров пен Ресей ВицеПремьер-министрі Игорь Шуваловпен кездесіп, Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарын әртүрлі салада кеңейту туралы пікір алмасты. Бұл пікір алмасулар Иран Президентінің Ресей сапарының қарсаңында орын алып отыр. ИИР Президенті алдын ала жарияланған бағдарлама бойынша Ресей Президенті Владимир Путинмен наурыз айының 28-інде кездеседі. Иран мен Ресей аймақ пен әлем теңгерімінің маңызды екі мемлекеті ретінде Руханидің Мәскеу сапарымен тұспа-тұс дамудың жол картасын анықтауды көздеп отыр. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иран мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасы бір-бірін толықтыруда. Мұндай қарым-қатынастар Сириядағы саяси мәселелерге әсерін тигізіп, Иран мен Ресейдің лаңкестікпен күрес және Сирияның саяси дағдарысын қолдау саласында келісіп әрект етуіне ұластырды. Осыған орай Астана отырысы Теһран мен Мәскеудің бастамасымен Сирия дағдарысын шешу мақсатында өтуде. Ресей мен Иранның әртүрлі деңгейдегі саяси және қауіпсіздік ынтымақтастықтармен бірге екі елдің экономикалық қарым-қатынастары да кеңейді. Ресей мен Иран стратегиялық ынтымақтастықтарды нығайту бағытында алға ілгерілеп, сол ынтымақтастықтары үшін жол картасын реттемек. Ресейдің Энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, бұл іске 10 миллард доллар бөлініп, Иран Президентінің Мәскеу сапарында 11 келісімге қол қойылады. Иран мен Ресейдің сауда айналымы 2016-шы жылы 5 миллиард доллардан астты. Кеден дәлізінің белсенділігі, банктік қарым-қатынастардың жақсаруы, Ирандағы ортақ жобаларды, атап айтқанда Инчебрун-Гармсар темір жолын іске қосу және Иран мен Еуразия одағының экономикалық байланысы Теһран мен Мәскудің екіжақты ынытмақтастықтарының маңызды жобалары саналады. Сонымен бірге Ираннан Ресейге күніне 100 мың баррель мұнай экспорттау келісімі, газ және ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықтар Иран Президенті Ресей сапарынан бұрын көңіл бөлінген мәселелердің қатарына жатады. http://parstoday.com/kk