Наурыздан наурызға дейінгі Сирия өзгерістері
Сирия өткен наурыздан осы наурызға дейін көптеген шарықтаулар және құлдыраулармен кезікті.Дегенмен, өткен наурыздан биылғы наурызға дейінгі Сирия өзгерістері Алеппоны азат етумен басталды.
Лаңкестер қолдаушыларының көмектеріне сүйеніп, Сирияның әртүрлі аймақтарында адамгершілікке жат жантүршіктірерлік қылмыстарын жалғастырды. Әртүрлі ақпарат құралдарының сириялық босқындардың, әсіресе Еуропаның әртүрлі аймақтарында қиындықтармен бетпе-бет келіп отырған немесе мәйіттері еуропалық теңіз жағалауларынан табылған балалардың жаңа суреттері өткен бірнеше жылдағыдай ақпарат құралдары жариялаған жан күйзелтететін суреттер болды. Бұл лаңкестердің Сирия халқына қарсы сорақы қылмыстарын дәлелдейді. Дамаск пен Хомстегі сәтсіздіктерден кейін Алеппо Сириядағы лаңкестердің соңғы үміті болды. Сондықтан оны азат ету Сириядағы соғыстың үдерісін өзгертті. Сол себепті өткен айлардағы лаңкестердің Алепподағы сәтсіздікке ұшырауы Сирия әскері мен халықтық күштері үшін жеңіске жету жолдарындағы маңызды оқиға болып табылады. Лаңкестердің Алепподағы жеңілістерін олардың әрекеттерінің аяқталуының басы деп айтуға болады. Алеппо қаласын азат етуді батыстықтар мен сионистердің және лаңкестерді қолдайтын кейбір Батыс үкіметтері мен Түркияның жобаларының іске асырылмауы деп бағалауға болады. Израиль әрқашан Батыспен бірге аймақта дұшпандық саясат жүргізіп, бұл мәселені өзі де мойындады. Осы ретте сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман осыдан біраз уақыт бұрын: «Ирак пен Сирияны бөлшектеу - аймақтың дағдарыстарын шешетін кілт. Бұл тақырып Израильдің дамуды талап ететін дұшпандық саясатын қуаттайды. Сирияға қарсы қастандықтарды трансөңірлік күштердің Таяу Шығыс аймағына араласуы деп бағалауға болады. Алеппо Сирияның маңызды қалаларының бірі ретінде ерекше орынға ие. Лаңкестердің Алеппоға қарсы қастық жобасы іске асырылмады. Бұл жоба бойынша Алеппоны толық басып алу арқылы Сирияны бөлу және бұл қаланы лаңкестердің бақылауында ұстау қарастырылған. Бірақ аймақтағы халықтың қарсыласу күштерінің қолдауына ие Сирия әскері мен халықтық күштері қайтадан аймақтағы билікқұмар үкіметтерге шара қолданып, олардың билеп-төстеушілік әрекеттерін нәтижесіз қалдырды. Лаңкестердің Алепподағы сәтсіздікке ұшырауы аймақ жетістіктерінің бірі болды. Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестерді әлсірету бағытындағы жеңістерді арттыру Ирактағы Мосул мен лаңкестердің қолына түскен Ливияның аймақтарының көбін азат етуге жағдай жасады. Сирия әскері мен халықтық күштерінің Алепподағы жеңісі аймақ бойындағы лаңкестікпен күрестің перспективаларын анықтады.Келесі мәселе, яғни, Алеппоның азат етілуі Башар Асадтың беделін арттырып, оның Сирияны басқару және лаңкестікпен күресу мүмкіндігінің қабылдануына себеп болды. Сондықтан Алепподағы жеңістен кейін Башар Асадты отставкаға жіберу мәселесі баяндалмайтын болды. Бұдан бұрын қарсыластары баяндаған Сирияны бөлу мәселесі нәтижеге жетпеді. Олар Алеппоны “екінші Бенғази” деп атады. Алеппоның жеңіске жетуімен Сирияның территориялық біртұтастығын сақтап қалу мүмкіндігі артып, Сирияны бөлуге қатысты дағдарыстар тұйыққа тірелді. Сирияның екінші маңызды қаласы, әрі елдің солтүстігіндегі ең маңызды қала Алеппо лаңкестерді қолдайтын мемлекеттер, яғни Батыс пен аймақтың кейбір үкіметтері оған қарсы қастандық жасамақ болған жағдайда азат етілді. Сирияға қарсы дұшпандық жобалар бойынша Алеппода бұл елдің қарулы оппозияциялық үкіметі құрылып, бұл қала Сирия үкіметі қарсыластарының астанасына айналмақ болды. Сөйтіп АҚШ-тың жаңа Таяу Шығысы жобасына сай Сирия бөлінетін еді. Бірақ Алеппоның лаңкестерден толық азат етілуімен АҚШ-тың жаңа Таяу Шығысы жобасы сәтсіздіке ұшырады. Сондықтан, Алеппоның жеңісін Ливан қарсыласуының 2006-шы жылғы сионистік режимге қарсы 33 күндік соғысындағы жеңіспен салыстыруға болады. Сол кездегі сионистік режимнің АҚШ-тың қолдауымен жүргізілген соғысында да “Жаңа Таяу Шығыс” жобасы іске асырылып, Ливанды бөлу мәселесі қарастырылған болатын, бірақ Ливан халқының қарсыласуы оларды мақсаттарына жеткізбеді. Сирия халқының лаңкестерге қарсы қарсыласуының келесі маңызды нүктесі саналатын Алепподағы Сирия әскерінің жылдам алға ілгерілеуі тек майдандық саламен шектелмей, халықаралық саяси салаға да әсерін тигізді. Өткен бір жылдағы Сириядағы саяси өзгерістер және Сирия әскері мен халықтық күштерінің стратегиялық жеңістері бұл елдің қарым-қатынастарына оң әсер етті. Өткен жылдағы Сирияда атысты тоқтату туралы келіссөздердің маңызды нүктесі Аллеподағы сириялық күштердің жеңіске жетуінен кейінгі ел үкіметінің қарсылас топтарының атысты тоқтату келісіміне қол қоюы болып табылады. Атысты тоқтату келісіміне қол қою Сирияның алты жылғы азамат соғысының маңызды жетістіктерінің бірі болды. Өйткені, бұл келісім Сирия әскері мен бұл елдің одақтастырының күштерінің артықшылығын көрсетті. Сирия үкіметі қарсыластарының бұл келісімді қабылдауы олардың Сирия соғысында жеңіске жетуіне үміттерін үзгендігінің белгісі. Қазіргі таңда Ресей мен Сирия үкіметі және Иран Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үдерісін алға ілгерілетуді мақсат етуде. Бұл салада Мәскеу келіссөздердің батыстық болмысын шығыстық болмысқа өзгертіп, келіссөздер мекенін Женевадан Астанаға ауыстырды. Сирия үкіметі мен оның қарсыластарының арасындағы келіссөздердің соңғы кезеңі 2016-шы жылдың сәуірінде екі апта бойы Женевада өтті. Бұл келіссөздердің жаңа “Женева-4” деп аталған кезеңі 2017-ші жылдың ақпан айында өтті. Бірақ ол да Женевада өткен бұрынғы келіссөздер сында нәтижесіз аяқталды. Астана келіссөздері же Женева келіссөздерінің мәселелерін қарастырып, Сирия дағдарысындағы саяси үдерісті қолдады. Қазақстанның Астана қаласында өткен Сирия дағдарысына қатысты отырыстар дағдарысқа қатысты барлық тараптардың жағдайлары 2016-шы жылмен салыстырғанда өзгерген жағдайда өтті. Сирия дағдарысына қатысты Астана отырысы 2017-ші жылдың ақпан айының 23-24 күндері Сирия үкіметі мен оған қарсылас топтардың өклдерінің қатысуымен және Ресей, Түркия және Иранның бақылауымен өтті. Астана отырысы басқа отырыстармен салыстырғанда Башар Асадтың билік басында болуы немесе болмауы мәселе болып көтерілмей, келісімнің негізгі мәселесі атысты тоқтату және гуманитарлық көмектерді жеткізу болған жағдайда өтті. Ішкі тұрғыдан Астана келіссөздері Сирияның үкіметі мен оның қарсыластары әртүрлі жағдайға ие жағдайда өтті. Сириядағы лаңкестік топтар сириялық тұрғындардың ауызсуын жабу сынды соғыс қылмыстары саналатын әрекеттерді іске асырып отыр. Астана отырысының ең маңызды мәселелерінің бірі соғыс майданындағы өзгерістер болды. Аймақ деңгейінде аймақтық ойыншылардың жағдайы өткен жыл бойы Сирия дағдарысы туралы өткен отырыстармен салыстыратындай емес. ИИР, Ресей және Түркия бірінші рет Сирия дағдарысына қатысты келісімге келді. Өткен келіссөздерде Түркия Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың қасынан табылып, ИИР мен Ресейге қарсы тұрған Башар Асад жүйесінің негізгі қарсыластары болды. Сондықтан, Түркияның Сирия дағдарысына қатысты Иран мен Ресей ұстанымдарына жақындауы шетелдік үлестерге әсерін тигізді. Астана отырысының сындарлы болуы Түркияның Ресей мен Иранның қасынан табылуына байланысты болды. Аймақ деңгейіндегі Астана және Сирия туралы осы уақытқа дейін өткен басқа отырыстардың ең маңызды айырмашылығы ешбір араб мемлекетінің Астана отырысына қатыспауы болып табылады. Олардың рөлі Астана отырысына шақырылмайтын болуымен анықталды. Сол себепті, мұндай жағдай Сауд Арабиясы мен Қатар сынды мемлекеттердің Астана келіссөздерін іске асыруға көптеген кедергі жасауына түрткі болды. Әлем деңгейіндегі ойыншылар да бұрынғы ойыншылар сынды емес. Сирия туралы бұрынғы отырыстарда АҚШ негізгі рөлді атқарып, күрдтерді немесе басқаларды Иран туралы шешім қабылдауға итермелеген болатын. Астана отырысына АҚШ-ты шақыру, шақырмау Иран, Ресей мен Түркияның арасындағы келіссөздердің бір мәселесіне айналды. Қорыта айтқанда, өткен айларда халықаралық қоғам деңгейінде Сириядағы дағдарысты азайту мақсатындағы талыпыныстар байқалды. Алеппо лаңкестерден азат етілген соң Сирия дағдарысының аймақтық және халықаралық негізгі ойыншыларының жағдайы өзгеріп, Астанада өткен отырыста іс жүзінде АҚШ, Еуроодақ және Сирия жүйесіне қарсы араб үкіметтерінің шетте қалғанды көрінді. Мұндай жағдайда “Женева-4” келіссөздерінен көп нәрсені дәметуге болмайды. Аталмыш келіссөздердің осыған дейінгі келіссөздердің нәтижесінен артық нәтижеге жетпейтіндігі анық мәселе. Сирия жүйесі мен оған қарсылас топтардың саяси келіссөздерге жиналуының өзін Сирия дағдарысын шешу жолындағы қадам деп санауға болады. Сирия дағдарысының саяси жолмен шешілуіне қатысты келісөздер Иран, Ресей және Түркияның бақылауымен өтетін басқосулар болып табылады.
http://parstoday.com/kk