Наурыздан наурызға дейінгі Палестина өзгерістері Палестина халқы хиджри шамси күнтізбесінің 1395-ші жылы (2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың наурызына дейінгі кезең) соғысқұмар сионистік режим мен оның қолдаушыларының адамгершілікке жат көптеген қылмыстары мен қастандықтарымен бетпе-бет келді. Палестинана азат ету (Palestine Liberation Organization PLO) ұйымының қарамағындағы Абдолла әл-Харани орталығы өткен жылы 150 палестиналықтың, соның ішінде 34 баланың шәһид болғанын хабарлады. Бұл орталық өзінің жылдық мәлімдемесінде: «Құдсты басып алған режимнің 1395-ші жылы Палестина халқының құқықтарын бұзуының ең анық мысалдары ретінде сионистер үшін 27335 пәтердің құрылысына рұқсат беруі, Йордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Құдс пен Газа секторында 6970 адамды, соның ішінде 1240 бала мен 151 әйелді қамап, Йордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Құдстың әртүрлі аймақтарында 1023 тұрғын үй мен басқа да ғимараттарды қиратуын атап айту керек. Сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын күшейтуі, әсіресе бұл режимнің жаңа Құдс интефазасын басып-жаншуына байланысты 1395-ші жыл тарихта палестиналықтар үшін ең қанқұйлы жылдардың бірі ретінде тіркелді. Сионистік режим АҚШ-тың қолдауымен Палестина халқын бағындыру саясаттарының аясында Газа қоршауын жалғастырды. Сионистік режим он жылдан бері Газа қоршауын күшейтіп келеді. Сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстары әлем халықтарының жүректерін жаралады. Бұл мәселе басқыншы Израиль режиміне қарсы әлемдік наразылықтарға себеп болып, өткен жылы сионистік режимнің бұрын-соңды кездеспеген оқшаулануына ұластырып, әлем халықтары сионистерге қарсы шерулерге шығып, бұл режимге қарсы санкциялар салып, Газа секторының қоршауда өмір сүріп жатқан тұрғындарына көмек көрсетуге талпыныс жасады. Әлемдік деңгейдегі Палестина халқына көрсетілген қолдауларға көңіл бөліп, өткен 1395-ші жылды «Палестина халқына ынтымақтастық білдіру» жылы деп атауға болады. Өткен жылы әлемдіктер Палестина халқына халықаралық тұрғыдан кең қолдаудың көрсетілуінің куәсі болды. Бұл ұстанымның ең маңыздысы Теһранда өткен «Палестина интефазасын қолдау» атты халықаралық басқосу болды. «Палестина халқының интефазасын қолдау» деп аталған халықаралық конференция «Бірігіп, Палестинаны қолдайық!» деген ұранмен Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи мен Иранның үштік билігінің басшылары және Ислам әлемінің танымал тұлғаларының қатысуымен Теһранда өтті. Бұл конференцияға 700-ден астам белсендіден тұратын 80-нен астам делегация қатысты. Палестиналықтардың интефазасын қолдау саласындағы халықаралық қозғалысқа әлемнің бес құрлығының мемлекеттері, әсіресе ислам әлемінің елдерінің қосылуы сионистік режимнің басқыншылығына наразылық білдірушілердің көп түрлілігін көрсетеді. Теһран конференциясының маңыздылығының себептерінің бірі қатысушылардың деңгейіне байланысты. Өйткені Теһран конференциясына ел басшылары, Парламенттердің төрағалары мен өкілдері, аймақтық және халықаралық ұйымдардың бас хатшылары мен өкілдері, Таяу Шығыс пен әлемнің саяси, мәдени және діни қайраткерлері, палестиналық топтардың басшылары мен Палестина халқының құқықтарын қолдайтын әртүрлі елдердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, маңызды конференцияның жетістіктерінің біріне ислам әлемі мен азаттықты сүюшілердің ең негізгі басымдығы, яғни Палестина мәселесін көтеру және Палестина халқы мен олардың ақиқатты талап еткен әділетті күресін қолдауға бағытталған жоғары мақсаттың орындалуы бағытында тілеулестік кеңістігін қалыптастыру жатады. Ол хазірет: «Бұл обыр ісігі әу бастан-ақ кезең-кезеңмен өсіп, қазіргі апатқа айналды. Сондықтан оны емдеу де кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс. Бірнеше интифаза мен үздіксіз қарсыласу өте маңызды кезеңдік мақсаттарды орындай алды. Әлі де жылдам ілгерілеп, өзінің басқа да мақсаттарын Палестина толық азат етілгенше орындайды» деді. ИИР Таяу Шығыста бейбітшілік орнату үшін Палестинаның жерлерін басып алуды тоқтатып, бұл халыққа өз тағдырын өзі шешу құқығын қайтарып, барлық босқындарына отандарына оралуға рұқсат етіп, бұл жерде өмір сүретін мұсылман, христиан және еврей халықтары мен негізгі тұрғындарының қатысуымен референдум өткізу арқылы қасиетті Құдс астанасы болатын Палестинаның біртұтас үкіметін құру қажет деп қуаттайды. Аталмыш конференция өткізілу уақыты тұрғысынан да ерекше маңызды. Теһран конференциясы Сирия, Ирак, Йемен және Ливия дағдарыстарына байланысы Палестина мәселесі елеусіз қалған жағдайда өтті. Теһран конференциясы әлемдік қоғамның назарын Палестина мәселесіне аударту саласында маңызды болып, Палестина мәселесін ислам әлемінің өзгерістеріне енгізе алды. «Палестинаның интефазасын қолдау» атты халықаралық конференциясы сынды маңызды рәсімдер бір жақтан Палестина мәселесін ислам әлемі мен қоғамдық пікірдің басты мәселесі етіп көтеруге, басқа жақтан халықаралық сахнаны аймақ пен әлемді шырмаған қастандықтарды айыптау үшін пайдалануға мұрсат тудырды. ИИР-да Палестинаның қолдау – қалыптасқан және заңдастырылған мәселе. Ислам кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани Теһран конференциясының ашылу рәсімінде айтқандай «Иранның Ата заңының көптеген баптарында, нақты айтқанда 3, 11, 14, 152 және 154-ші баптарында исламдық халықтардың бірлігіне жан-жақты талпыныс жасау және Палестинаны қолдау қуатталған». Өткен 30 жылдан астам уақыттағы Таяу Шығыстағы өзгерістер Иранның Ислам революциясының орын алуымен зорлық-зомбылық көргендерді қолдауға негізделген және исламдық тағылымдарға сүйенген жаңа саяси әдебиеттің халықаралық қарым-қатынастар саласына енуін көрсетеді. Палестина халқына жан-жақты қолдау көрсету саласындағы Иранның саяси және дипломатиялық талпыныстары Палестинаның келешегі мен палестиналықтардың мақсаттарын анықтады. Сионистік режим өзінің билікқұмарлығы мен қылмыстарына қатысты халықаралық саладағы экономикалық, саяси, дипломатиялық және мәдени тұрғыларының қысылып келе жатқанының куәсі болып отырған жағдайда, әлемдік қауымдастық Палестина халқының құқықтарына қолдау көрсетуді арттырды. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтары лаңкестік әрекеттермен бетпе-бет келіп, аймақ хабарлары соларға шоғырланған кезде сионистік режим енді бұл басқыншы режимге ешкім көңіл бөлмейді деп адасуда. Алайда әлемнің әртүрлі аймақтарындағы мемлекеттердің Палестина мемлекетінің құрылуын қолдауы мен палестиналықтарды қолдайтын қарарлар мен көптеген мәлімдемелердің шығуы негізінде сионистер мен олардың демеушілерінің ойларын бұзды. Палестинаға назар аударудың кеңеюі халықаралық қоғамды Палестина мәселесін әлемнің басты мәселесі ретінде қалыптастыруына жеткізді. Палестиналықтарға халықаралық қолдау көрсетудің жалғасында 1395-ші жылы БҰҰ Бас ассамблеясының әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық комитетінің (SOCHUM) 193 мемлекетінің 170-і жылдың ортасында «Палестина халқының өз тағдырын шешу құқығы» деп аталған қарардың жобасына оң дауыс берді. БҰҰ-ның Палестина халқының құқықтарына бұрынғыдан көбірек назар аударуы сионистік режим әртүрлі жолдармен әрқашан тәуелсіз палестиналық мемлекеттің құрылуына кедергі жасап, палестиналықтардың құқықтарын бұзған жағдайда орын алып отыр. Осы уақытқа дейін әлемнің көптеген мемлекеттері палестиналық мемлекетті құру жобасына өз ұстанымдарын жариялады. Әлемнің әртүрлі елдері мен халықтарының Палестина халқының құқықтарын қолдауы АҚШ басшыларының сынына ұшырады. Вашингтон палестиналықтардың тәуелсіз мемлекет құруы туралы кез келген қарарға вето құқығын қолданатыны туралы ескертті. Палестина халқын қолдау саласындағы әлемдік қозғалыста Палестина халқының қарсыласуы мен табандылығы ерекше рөл атқарады. Палестина халқының өз мақсаттары мен армандарына жету саласындағы қарсыласуы мен табандылығы әлемдік қоғамның Палестина мәселесіне назар аударып, Палестина халқының құқықтарына деген әлемдік қолдауды арттырды. Палестина халқының екінші интефазасы Палестина халқын қолдау саласындағы әлемдік қозғалысқа үлкен әсерін тигізді әрі Палестина халқының қарсыласуының келесі жетістігі болды. Сионистерге қарсы қарсыласудың сионистік режимге қарсы күресіндегі жеңістері палестиналықтардың жігерін екі есе арттырды. Палестиналықтар бұл жеңістерді палестиналық жерлерді сионистердің бақылауынан босатудың бастамасы деп санайды. Палестиналықтардың сионистік режимге қарсы әрекеттерінің жеңістері халықаралық теңгерімді палестиналытардың мүддесіне қарай өзгертті. Палестиналықтарға кең ауқымды қолдау көрсету саласындағы халықаралық кеңістік сионистік режимнің негізгі қолдаушысы және әрқашан тәуелсіз палестиналық мемлекеттің құрылуына қарсылық білдірген АҚШ-ты қысымға алды. Мұндай кеңістік қоғамдық пікірдің қысымына түскен АҚШ-қа БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сионистік режимнің палестиналық аймақтарда қалашықтар тұрғызуын заңсыз деп атап, айыптаған №2334-ші қарарға вето қолдануға рұқсат етпеді. АҚШ бұл қарарға қалыс дауыс берді. Бұл АҚШ-тың халықаралық саладағы артқа шегінуі болып, көптеген реакцияларға тап болды. Дональд Трамп АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқадасқа ауыстыру туралы уәдесіне қарамастан, қоғамдық пікірдің ашуы мен Палестина халқы интефазасының күшеюінен қорқып, іс жүзінде уәдесін орындайтындай әрекет ете алмады. Халықаралық өзгерістер мен әлемдік қоғамның бұрынғыдан көбірек Палестина халқының құқықтарына қолдау көрсетуі АҚШ-тың палестиналықтарға қарсы саясаттарының сәтсіздікке ұшырауының белгісі. Палестина мәселесін оқшауландыру саласындағы әртүрлі қастықтар мен қоғамдық ой-пікірді бұрмалау әрекеттеріне қарамастан, халықтар әлемдік қоғамның Палестина мен палестиналықтардың тәуелсіз мемлекеттерін құру мәселесіне бұрын-соңды болмаған деңгейде назар аударуына куә болуда. Әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде Палестина елшілігінің ашылуы және БҰҰ-нда Палестинаның жағдайының нығаюы мен Палестинаның халықаралық әртүрлі ұйымдарға қосылуы тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына жағдай тудыруына сионистік режим мен АҚШ сене алмағанымен халықаралық саладағы палестиналықтардың күнделікті жетістіктеріне куә болуда. Бұл ретте сионистік «Едиот ахронот» газеті өз мәлімдемесінде әлем бойынша Палестинаның дипломатиялық өкілеттіктерінің артуы және Палестинадағы елшіліктердің санының басып алынған жерлердегі елшіліктерден көбірек екенін мойындады. Сондай-ақ, сионистік «Едиот ахронот» газеті Палестинада 103, ал басып алынған жерлерде 102 дипломатиялық өкілеттіктің жұмыс жасап жатқанын, Палестинаның шетелдерде 95, ал Тель-Авивтың тек 78 өкілеттігінің бар екенін мойындады. Аталмыш газеттің бұл саяси шындықты мойындауы әртүрлі мемлекеттердің Палестинаны ресми тану үдерісін жылдамдатуын, керісінше мемлекеттердің сионистік режимнің заңсыздығын растауын дәлелдеді. Палестинаның өкілеттігі әлемнің 95 мемлекетінде орналасқанымен, Палестина Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, осы кезде бұл өкілеттіктер дүниежүзінің 130-дан астам мемлекетінде арту мүмкіндігіне ие. Мұндай кеңістікте АҚШ пен сионистік режимнің палестиналықтармен қарсыласу мәселесін БҰҰ-на жеткізу әрекеттері АҚШ пен сионистік режимнің одан сайын әшкерелене түсуіне себеп болды. http://parstoday.com/kk