Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) – білім мен махаббаттың үлгісі
Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның ардақты әрі сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның абыройлы әрі илаһи өмірі Аллаға иман келтірген барлық адамдар, әсіресе иманды әйелдер үшін көркем де кемел үлгі болып табылады.
Көктем мен табиғаттың жаңғыруы өмірге жаңа дем мен көңіл-күй және сергектік әкеледі. Наурыз – адам өзін айнадан көріп, бір жылдық жұмыстарын әділ әрі адал бағалай алатын кезең. Бұл кезең бізге өзіміздің тіршілігімізге қайтадан көз жүгіртіп, іс-әрекеттерімізді бағалауымыз үшін мұрсат береді. Биыл табиғаттың жаңаруы жәннәт әйелдерінің көшбасшысы және әйелдер мен ерлердің теңдессіз үлгісі – хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келді. Табиғаттың жүрекке қонымды көктемі мен оның хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келуі Исламның ұлық пайғамбарының халықтың жүрегі мен жанына сыйлаған көктемді еске салады. Бұл көктем хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды еске алу арқылы мейірімдірек әрі жүрекке қонымдырақ. Табиғат көктемінің Алла елшісі қызының туған күнінің жылдығымен бір мезгілде келуі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның өмірін үлгі тұтып, өздеріңіз бен отбасыларыңыз үшін берекеге толы жыл болсын.
Алла елшісінің беғсатынан бес жыл өткеде джамади әс-сани айының 20-шы жұлдызында адамдар қасиетті сәбидің дүниеге келуін күтті. Хазірет Мұхамад (с.ғ.с.) қолын аспанға қарай жайып, хазірет Хадиджа жәннәттың төрт әйелінің қонағы болды. Алла сайлаған төрт әйел жалғыз қалған хазірет Хадиджаға көмекке келді. Сәби дүниеге келіп, Мединеде оның хош иісінің әтірі жайылды. Мединенің аспаны мен жері оның нұрына бөленіп, пайғамбардың үйіндегі қуанышқа ортақ болу үшін періштелер келді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күні оның ғашықтары үшін құтты болсын! Бүгін – жәннәттің хор қызы, Алла тарапынан таңдалған теңдессіз адам, қасиетті әрі қадірлі бану хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның дүниеге келген күні.
Оның есімі – Фатима. Қасиетті күниелері – Умма Абиха, Умма әл-Айме, Умма әл-Хасан және Умма әл-Хусейн. Лақап аттары – әлем бануларының бануы, Седиқе Кубра, Заһра, Тахире, Мүбареке және Батул. Ол екі жасында ата-анасымен бірге Абиталептің аңғарында үш жарым жыл өмір сүріп, басқа мұсылмандармен бірге қиынықтар мен аштыққа төзімділік білдірді. Бес жасында анасы қайтыс болып, сегіз жасында туыс-тумаларымен бірге Мединеге қоныс аударды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) хиджраттың екінші жылы имам Әли (ғ.с.)-ға тұрмысқа шықты. Бұл екі тұлғаның Хасан мен Хусейн деген екі ұлы және Зейнаб пен Умма Күлсум деген екі қызы болды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның ең көркем рөлі отбасының ортасында анық көрінді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мүшесінің әрбіреуі жеке түрде адамзатқа үлгі болатын, барлығы біріккенде теңдессіз жанұя саналатын отбасының тәрбиешісі болды. Адамзат хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен имам Әли (ғ.с.) тәрбиелеген перзенттерге борыштар.
Исламға дейінгі қоғамда әйелге мән берілмейтін. Тарих көбінесе тек ерлерге байланысты болды. Ерлер әйелдерді қоластыларында ұстап, оларға мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға рұқсат етпейтін. Сол кезде әйел көбінде ерлердің мүліктерінің бір бөлігі саналды. Әйелдер де әділетсіз сүннеттердің ықпалымен өздерінің тәуелсіз адам екендіктеріне сенбеді. Ислам бұл әділетсіз және адамгершілікке жатпайтын теңгерімді қабылдамай, әйелді де ерлер сынды адам деп таныстырып, екеуіне де өздеріне лайық міндеттер беріп: «Адамның артықшылығы жынысына емес, ақылы мен мейірімінің дамуы және талпынысы мен жігеріне қатысты. Сонымен бірге адамзаттың кемелдікке жетуі біреудің басқадан артық болуында емес. Кез келген әйел мен ердің рөлі олардың рухани, психикалық және жыныстық жаратылыстарына қарай әртүрлі.
Ислам діні адамзат қоғамына хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) сынды бануды ұсынды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның абыройлы әрі илаһи өмірі Аллаға иман келтірген барлық адамдар, әсіресе иманды әйелдер үшін көркем де кемел үлгі болып табылады. Ол ахлақ, ақыл, даналық пен терең ой, білім, еркіндік пен ерлік және сұлулық тұрғысынан әлемнің барлық әйелдерінің үлгісі болды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әйелдің дамуы оның сән-салтанатты өмір сүруі емес, терең ой мен түсінік және еркін, әдемі және пәк қоғам құру үшін қажет беделді перзенттер тәрбиелеуімен бағаланады деп санады. Ол қарапайым және хабардар өмірімен әйелдің абыройға ие және баршаға үлгі бола алатынын дәлелдеді.
Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды мұсылман әйелдердің үлгісі деп таныстырып: «Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өзінің ұлылығымен үйінде ислам діні сипаттағандай өмірлік жар әрі ана болды. Ол өзінің ғибадаты, шешендігі, білімі, даналығы, жиһады және бір қыз балаға лайық қылығымен, аналық ғамалы, мейірімділігі және қамқорлығымен мұсылман әйелдері үшін үлгі болып келеді. Исламның ұлық пайғамбары күндердің бірінде мұқтаж адамды имам Әли (ғ.с.)-ның үйіне жіберіп: «Керегіңді солардан ал»,- деді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның қолында еш нәрсе болмай, Хасан мен Хусейн соны астарына төсеп, ұйықтайтын теріні келген адамға беріп: «Мынаны сатып, ақшасын пайдалан»,- деді. Бұл хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның ерекшелігі. Бұл мұсылман әйелдердің үлгісі»,- деді. Сирия жазушыларының бірі Ахмад Тисир Каид: «Батыл әрі ең адал имамның өмірлік серігі! Маған әдеп және қарапайымдылығыммен үйіңнің есігін ұстауға рұқсат ет, бәлкім, Алла Тағала маған да пәк Аһле бейттің махаббаты мен риясыздық мәртебесіне жетуіме мүмкіндік етер»,- деді.
Имам Хомейни әйелдің адамгершілігі мен қадір-қасиеттеріне тоқталып: «Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнін әйелдер күні ретінде атау орынды. Бұл күнді әйелдер күні деп атау хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-нан ана және әйел ретінде үлгі алу деген мақсатты көздейді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнін әйелдер күні ретінде атау – ананың рөлін қайтадан қарастыру үшін мұрсат. Умма Абиха хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) үшін анасы сынды қамқорлық жасады»,- деді.
Әрине, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) туралы ең жақсы сөз әлемдіктердің Жаратушысының сөзі. Тәпсіршілер мен Құранды зерттеушілердің пікірінше, Құран Кәрімнің кейбір аяттары исламның ардақты бануы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ға арналып жіберілген. Мысал ретінде «Қадір», «Кәусар» сүрелері, هَلْ اَتی немесе «Инсан» сүресінің алғашқы аяттарына, «Татхир» аяты, «Мобахеле» аяты мен басқа бірнеше аятқа тоқталуға болады. Рауаяттар бойынша бұл сүрелер мен аяттар хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның қадір-қасиеттері туралы баяндайды. Құран Кәрім хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның «Кәусары» деп санайды. «Кәусар» деген – көп жақсылық. Алайда шиіттер мен сүннит ғұламаларының көбі оның мағынасын хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның болмысы деп санайды. «Кәусар» сүресінің жіберілуі туралы былай деп айтылған: «Мүшіріктер Исламның ұлық пайғамбарын ұрпақсыз қалумен айыптағанда Құран олардың сөзін теріске шығарып: «Біз саған Кәусарды сыйладық»- деді. Алла елшісінің ұрпағы әлемге қызы арқылы таралды. Тәпсіршілер бұл сүренің пайғамбарға перзентсіз қалмайтынын және одан көптеген ұрпақтың таралатынын хабарлайтынын айтады. Құранның ғажайыптарының бірі осы.
Табиғат жаңғырып, самал жел ескен бұл күндері баршаңызға қуаныш тілеп, бағдарламаны хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның: «Мүміннің алдында күлімсіреп, қуанышты білдіру жәннәтқа кіруге себеп болады»,- деген сөзімен аяқтаймыз.
http://parstoday.com/kk