Революцияның мәртебелі жетекшісі: 1396 жыл – "Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту" жылы Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хижри шамси күнтізбесі бойынша 1396 жылдың келіп жетуіне орай жолдаған үндеуінде ирандықтарды, әсіресе шәһидтер мен жанкештілердің, ардагерлердің құрметті отбасыларын хазірет Фатеме-Заһраның туған күні және Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа жылдың Иран халқы мен әлем мұсылмандары үшін берекеге толы, қауіпсіздік пен бақуатты жыл болуын тілеп, 1396 жылды "Қарсыласу экономикасы: өндіріс пен жұмыспен қамту" жылы деп атады. Мәртебелі жетекшінің ақпарат тарату торабының мәліметі бойынша, хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б. 1395 жылды Иран халқы үшін ащы-тұщы оқиғалармен қатар келген жыл деп атап, ел халқының өткен жылдағы қуаныштарына себеп болған ең маңызды кейбір факторларға тоқталып: "Иранның абырой-беделі мен ғазиз халықтың болмысы 1395 жылдың барлық оқиғаларынан көрініс тапты. Әлемнің барлық жеріндегі дұшпандар Иран халқының айбыны мен ұлылығын мойындады" деп қуаттады. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі халықтың 22-ші баһман күнгі шерулерге ықыласпен әрі ауқымды түрде қатысуын Аммерика президентінің құрметсіздігіне берілген жауап деп атап, Құдс күнгі шерулердегі де халықтың орасан жиынын Иран халқының жоғары болмысы мен мақсаттарының белгісі деп бағалап: "Иранмен көршілес мемлекеттер және аймақ елдерінің бейберекеттіктерге душар болып отырғанына қарамастан, Иранның аймақтық және халықаралық бейберекеттік кеңістігіндегі қауіпсіздігі маңызды көрсеткіш болды. Иран халқы тұрақты қауіпсіздікте өмір сүруде» деді. Жастардың ерік-жігері мен ауқымды мүміндік қозғалыс исламның мәртебелі жетекшісі соған сілтеме жасаған Иран халқының жетістіктері мен табыстарын бағалаудағы келесі көрсеткіштер болды. Хазірет: «Иранның жер-жеріндегі мыңдаған жас топтардың ғылыми, мәдени, өндірістік және спорт салаларындағы бастамашыл жұмыстарын байқау және солардан хабардар болу, сонымен қатар жылы әрі тартымды отырыстардың өткізілуі Иран елі мен халқы үшін шаттыққа себеп болған істер» деді. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі 1395 жылдың әрекет пен ғамал жылы болғанына сілтеме жасап, Иран басшылары берген есептерінде көрсеткен жақсы істердің орындалуын қуаттап: «Әрине, атқарылған істер мен халық және жетекшілік күткен істердің арасында үлкен айырмашылық бар. Оң және теріс статистиканы жалпы түрде бағамдау керек» деді. Хазірет «қарсыласу экономикасы» атауына көңіл аударудың жалғыз өзін әсерсіз деп атап, қазіргі жағдайдың шешім жолы мен шарасы туралы айтқан сөзінде: «Шара жолы - қарсыласу экономикасын маңызды мәселелерге бөліп, басшылар мен халықтың барлық күш-жігерлерін сол мәселелерге, әсіресе ішкі өндірісті арттырып, жастарды жұмыспен қамтуға шоғырландыруда» деді. Хазірет аятолла Хаменеи осы қажеттіліктер негізінде 1396 жылды «Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту» деп атап: «Бұл маңызды мәселелерге көңіл аударып, бағдарлама жасау ­– діни жетекшілік пен халықтың ел басшыларынан күтетін істер. Бұлар көзге түсерліктей әрі сезінерліктей табыстар мен жетістіктерге қол жеткізуге себеп болады. Басшылар нәтижелерді мәлімдеп, жылдың соңында халыққа есеп беруі керек» деді. http://parstoday.com/kk