Рухани: Жаңа жыл Иран жастары үшін даму мен көбірек жұмыспен қамту жылы болады ИИР-ның президенті хижри шамси санағы бойынша 1396 жылдың басталуына орай жолдауында «Еңсесі биік Иран үшін бір-біріміздің қасымыздан табылуымыз керек. Хижри шамси жыл санағы бойынша 1396 жыл ғазиз халық үшін көбірек даму мен Иран жастары үшін көбірек жұмыспен қамтылу жылы болады» деп қуаттады. Иран президетінің ақпарат тарату торабының хабарлауы бойынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні хижри шамси жыл санағы бойынша жаңа жылдың келуімен Иран халқы мен елден жырақтағы ирандықтарды және мен наурыз мерекесін тойлайтын аймақтың барлық халықтарын құттықтап: «Барша халық үшін Наурыздың жолдауы – кектерді жою. Хижри шамси жыл санағы бойынша өткен 1395 жыл «Қарсыласу экономикасы: әрекет пен ғамал» саясаттарының орындалуы және ядролық келісім жүзеге асырылған жыл болды. Бұл екеуі бірге Иран халқы үшін оң рөл атқарды» деді. Иран президенті сонымен қатар ирандық ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп саласының қызметкерлері мен жұмысшыларына арнайы алғыс айтып: «Өткен жылы Иранның өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі айтарлықтай дамуға ие болды. ИИР мұнай саласындағы дипломатиясы мен ирандық инженерлер мен жұмысшылардың талпыныстарының арқасында мұнай мен газ өндірісіндегі өзінің бұрынғы орынын қайтарып алды. Бұл Иран халқының құқықтарының жүзеге асырылғанын білдіреді» деп қуаттады. ИИР-ның президенті Иранның медицина және ғылым саласындағы жетістіктеріне де сілтеме жасап: «Иран ғалымдарының еңбектерінің нәтижесінде өткен жылы әлемнің дамыған елдері арасында ғылыми даму тұрғысынан бірінші орынға қол жеткізді» деді. Президент сөзінің келесі бөлігінде 1396 жылы екі сайлаудың өткізілетіндігіне тоқталып: «Бәріміз сайлауларға халықтың мейлінше толық қатысуы мен түзу бәсекелестік пен заңды сайлау өткізуді мақсат етуіміз керек» деді. http://parstoday.com/kk

Теги других блогов: Иран даму жастар Рухани