Имам Джавад (ғ.с.) – жақсылық пен мейірімділіктің бұлағы Режеп айының 10-шы ­жұлдызы – имам Реза (ғ.с.)-ның перзенті жақсылық пен мейірімділіктің бұлағы имам Джавад (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы. Шиіттердің тоғызыншы имамы имам Джавад (ғ.с.) хиджри қамари жыл санағы бойынша 195-ші жылы Мединеде дүниеге келді. Әкесі имам Реза (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының сүннеті бойынша сәбидің оң құлағына азан, сол құлағына иқама айтты. Имам Реза (ғ.с.) сол түнді таң атқанша перзентінің бесігінің қасында өткізіп, онымен сөйлесіп, оған илаһи сырлар мен ғылымдар туралы айтты. Имам Реза (ғ.с.) перзентін атасы Алла елшісінің есімімен, яғни Мұхаммад деп атады. Имам – Құран мен Ислам мәдениеті тұрғысынан жоғары орынға ие. Имам – Алланың жердегі халифасы. Ол кемелдікке жеткен, күнәдән ада адам. Ол жаратылысқа қызмет ететін жол нұсқаушы, басшы әрі кемеңгер адам. Имам адамға кемелдікке қарай жол нұсқап, оның тәрбиесін өз мойнына алады. Сол себепті аспандар мен жердегі әр жаратылыс имамның көмегімен Аллаға қарай жақындайды. Басқаша айтқанда, адамзат жүйесінде имамдар пайғамбарлар сынды рөл атқарып, уәһи тағылымдарды адамдарға жеткізеді. Исламның ұлық пайғамбарының әулеті қоғамның саяси және қоғамдық басқаруын өз жауапкершіліктеріне алып, халыққа кемел әрі әділ қоғамға қарай жол нұсқады. Шын мәнінде имам дін мен дүние істерін басқаруды өз міндетіне алады. Имам Джавад (ғ.с.) осындай имамдардың бірі. Хазірет өзінің ата-бабалары сынды жан-жақты білімді адам болды. Алайда ол кісінің бойынан кешірімділігі мен мейірімділігі ерекше байқалды. Ешбір мұқтаж адам имамның қасынан құр қол кеткен емес. Сол себепті ол «Джавад» деген лақап атқа ие болды. Имам Джавад (ғ.с.)-ның жарқыраған ерекшеліктерінің бірі ретінде хазіреттің бала кезінен көптеген ғылымды игеруін атау қажет. Тарихшы әрі Құран тәпсіршісі Табари: «Имамның жасы алтыдан бірнеше ай асқан кезде әкесі шәһид болды. Шиіттер алаңдап, ойға батып, халықтың арасында қайшылықтар пайда болады. Өйткені олар имам Джавад (ғ.с.)-ды жас санап, хазіреттің ғылыми деңгейінен хабарсыз болатын. Осыған орай шиіттер жиналып, имам Джавад (ғ.с.)-мен кездесулер ұйымдастырып, хазіреттің имаматты басқара алатын біліміне сенімді болу үшін оған көптеген сұрақтар қойып, сынақтан өткізді. Сұрақтарына толық ғылыми тұрғыдан жауап алған соң олар тынышталып, оған сенім артты»,- деп жазған болатын. Имам Джавад (ғ.с.)-ның ғылыми пікірталастары өте қызықты. Хазірет жасына қарамастан әртүрлі діндердің ғалымдарымен қызу сұхбаттар жүргізді. Бұл пікірталастарда имам Джавад (ғ.с.)-ның білімінің кеңдігі айқындалды. Имам мұндай әр кездесуде көптеген ғылыми және діни мәселелерді шешіп, тіпті қарсыластарының өздері де хазіреттің ғылыми деңгейін мойындады. Ибн Худжр Хасими: «Мамун оған өзінің қызын беріп, күйеу баласы етті. Өйткені, жастығына қарамастан білім тұрғысынан оның дәрежесі басқа ғалымдардан жоғары болды»,- деп жазды. Имам Джавад (ғ.с.) шәкірттер тәрбиелеп, исламдық мәдениет пен тағылымдарды таратуға үлкен қызмет етті. Хазірет Мединеде Құран тәпсірі мен сабақ беріп, жиындар өткізіп, Медине немесе басқа да исламдық аймақтарда өмір сүретін халықпен кездесіп, оларды исламдық тағылымдардың сарқылмас бұлағынан сусындатты. Шейх Тусидың айтуы бойынша, имамның хадистерін 113 адам жеткізген. Имам Джавад (ғ.с.) өз заманындағы саяси және идеологиялық дұрыс қозғалыстардың негізі болды. Хазіретке тіпті алыс жерлерден де көмек жететін. Хазірет оларды қоғамдық және саяси жұмыстарына жұмсады. Қарым-қатынас өте ауыр жағдайларда орнатылды. Сол себепті имам мен хазіреттің жақтастары хаттарын арнайы белгілермен жазуға мәжбүр болды. Имам Джавад (ғ.с.) өз жолдауында ғылым мен білімнің маңыздылығына тоқталып: «Білім алушылар қандай жақсы, өйткені олар барлық жағдайда қажет. Ғылым туралы айтылатын сөздер өте жағымды. Олар діни бауырларды бір-біріне жақындатады, сондай-ақ, адамның адамгершілігі мен жомарттығының белгісі. Сапарда дос әрі жолаушы, жалғыз қалғанда сырласушы»,- деп айтқан болатын. Халыққа қызмет етіп, олардың қажеттіліктерін шешу пәк имамдардың күнделікті жұмыстары болды. Имам Джавад (ғ.с.) да бұл жұмыспен айналысты. Имам: «Адам үш жағымды сипатқа, атап айтқанда жұмсақтық пен ымырашылыққа ие болып, садақаны көп бері илаһи ризашылыққа ие бола алады»,- деген болатын. Имам Джавад (ғ.с.)-ның көзқарасы бойынша халыққа қызмет ету адам үшін илаһи рақымдылық болып табылады. Имам Джавад (ғ.с.) бірде науқастанып жатқан серіктерінің бірінің көңілін сұрауға барып, оның жылап, өлетіндігіне алаңдаушылық танытып жатқанын көреді. Хазірет оған: «Әй, Алланың пендесі! Өлімнен қорқасың ба? Бұл қорқыныш өлімнің не екенін білмегендігіңнен туындап отыр. Егер үстің кірлеп, жаның күйзеліп, жараланса ғұсыл құйынып, моншада жуынсаң олардан тазаратындығыңды білсең, моншаға кіріп, жуынып, тазаланғың келмейді ме?»- дейді. Науқас адам: «Әрине моншаға барып, жуынғым келеді»,- деп жауап берді. Имам Джавад (ғ.с.): «Өлім мүмін адам үшін моншаның өзі және күнәләр мен кірден тазартатын соңғы кезең. Сондықтан өлімге бет алып, соңғы кезеңнен өткенің шын мәнінде уайым-қайғы мен қиындықтардан өтіп, қуаныш пен шаттыққа қарай бет алғаның»,- деген болатын. Науқас адам имамның сөздерін естіп, тынышталып, алаңдаушылықтардан арылады. Расында адам ой, рух пен психика тұрғылары бойынша иманға сүйеніп, өзін ақырғы сапарға дайындап, қорқынышқа жол бермейді. Енді хазіреттің кейбір ақыл-кеңестеріне назар аударайық. Үш нәрсе Алланың ризалығына себеп болады: күнә жасағаны үшін көп кешірім сұрап, тәубеге келу; қарапайым болып, әділет сақтау; жақсылық жасау. http://parstoday.com/kk