Сирия өткен наурыздан осы наурызға дейін көптеген шарықтаулар және құлдыраулармен кезікті. Дегенмен, өткен наурыздан биылғы наурызға дейінгі Сирия өзгерістері Алеппоны азат етумен басталды.
# Сирия
Америкалық төрт сенатор осы елдің Сириядағы әскери құзырын күшейту мақсатындағы әскери талпыныстарымен бір мезгілде Иран мен Ресейге қарсы қарар қабылдады. Америка Сенатының Қарулы күштер комитетінің басшысы Джон Маккейн мәлімдеме жариялап, Тим Кэйн, Марко Рубио және Крис Мерфпен бірге қарарды таныстырғандарын айтты.
Келесі отырысты техникалық сарапшылардың қатысуымен Теһранда сәуір айында өткізу туралы келісілді. ҚР Сыртқы істер министрі Астана келіссөздері тараптарының Сириядағы атысты тоқтату бітімін нығайтып, құрықталған және тұтқынға алынғандармен алмасу үшін келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.
Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің үшінші кезеңі басталды. Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар әл-Жафари қарсылас топтардың осы отырысқа бойкот жариялау шешімін айыптап, олардың қатысуынсыз да ілгерілеушіліктер бола алады деп қуаттап. Астана келіссөздерінің табысты өтуін қамтамасыз етуге дайынбыз.
Сирияның Адам құқығы инспекторлары Сириядағы алты жылғы соғыста 320 000-нан астам адамның қаза болғанын, олардың ішінде 96000-нан артығының әскери емес қарапайым халық болғанын жариялады. Сирияның Адам құқығы инспекторлары орталығының басшысы Рами Абдул Рахман Сириядағы алты жылдық соғыста 321 358 адамның өлімінің тіркелгеніне тоқталып.
Сирия үкіметінің келісімгер тобы Астана келіссөздерінің жаңа кезеңіне қатысу үшін Қазақстанға аттанды. Сирияның БҰҰ- дағы өкілі Башар әл-Жафаридің жетекшілігімен осы келіссөздерге қатысу үшін Астанаға аттанды. Сириялық қарсыластардың әскери делегациясы Астана келіссөздерінің үшінші кезеңіне қатысу үшін шақырухат алғанымен, өздерінің қатысуы үшін шарт қойып отыр.