Ислам революциясының жетекшісі Ирандағы экономикалық жұмыстарды қолдау үшін отандық өндірісті дамыту талабын қуаттады. Олар халықты Иранның исламдық республика жүйесінен алыстатқысы келеді. Ислам революциясының жетекшісі елдегі өндірісті дамыту саласындағы басшылардың маңызды рөлін қуаттап, елдің қорғаныс және әскери жетістіктерін өте маңызды деп бағалап, сайлау мәселесіне тоқталып, сайлау - діни халық демократиясының екі негіздерінің бірі деп айтты.
# Экономика
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні жаңа жылдың бірінші күні түстен кейін Мешһед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінде зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде Иранның ең маңызды мәселелеріне тоқталды. Сөзінде экономикалық негіздер ретінде Иранның өндіріске қажет көптеген табиғи және жерасты ресурстарға ие екендігіне, яғни бай мемлекет екенжігіне тоқталды. Ислам революциясы жетекшісінің сөзінде серпінді экономикаға жету жолдары анықталды.