Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хижри шамси күнтізбесі бойынша 1396 жылдың келіп жетуіне орай жолдаған үндеуінде ирандықтарды, әсіресе шәһидтер мен жанкештілердің, ардагерлердің құрметті отбасыларын хазірет Фатеме-Заһраның туған күні және Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа жылдың Иран халқы мен әлем мұсылмандары үшін берекеге толы, қауіпсіздік пен бақуатты жыл болуын тілеп, 1396 жылды "Қарсыласу экономикасы: өндіріс пен жұмыспен қамту" жылы деп атады.